"Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ "Сәтбаев қаласының Баубек Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ
Ресми сайт

Мәдениет саласының үздігі

Мәдениет саласының үздігі, республикалық, аймақтық байқаулардың жеңімпазы, дәстүрлі әнші Алдажанова Дәрігүл Темірханқызының өнер жолында жүргеніне 36 жыл толуына арналған «Әнім сен едің…» атты кездесу кеші болып өтті. Кездесуге Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің 9 «В» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Капишова Кымбат Капишовна қатысты. Дәрігүл Темірханқызының өнердегі жетістіктері және шығармашылығы жайлы бейне ролик көрсетіліп, қысқаша өмірбаяны таныстырылды. Кітапханашы Ходжакулиева Айжамал сөз кезегін Дәрігүл Темірханқызына берді. Өскен ортасы, шығармашылығы жайлы айтып кетті. Оқушылар тарапынан әншіге сұрақтар қойылды. Өнер жолы қиын да қызықты жол екенін оқушыларға түсіндіре білді. Жастарға өзінің өнегелі өсиетімен, ақыл кеңестерін айтты. Қонақ кәде ретінде Ермұрат Үсеновтың «Жалт-жұлт еткен дүние-ай», халық әні «Сәулем ай», Мәриям Жагорқызы «Дудар-ай» Майраның әні «Майра» т.б әндерін керемет орындап берді. Қонағымызға Кудеш Нұртілеу «Адай» күйін орындады. Іс шара соңында кітапхана директоры Кожахметова Гүлнара Саруаровна өнер жолына шығармашылық табыс тілеп, кітапхана атынан гүл шоқтары мен естелік сыйлық табыстады.